№4 Қалалық емхананың кардиолог дәрігері А.А.Бухарбаева пациенттерге "Артериялық гипертония туралы не білу керек?" тақырыбында сабақ өткізді. Тыңдаушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Сабақта "Гипертониялық криз. Артериялық қысымды қалай өлшеу керек?", "АГ кезінде тамақтану туралы нені білу керек?", "Дұрыс тамақтану деген не?", "Артериялық гипертонияны емдеу" тақырыптары да қарастырылды.