МБ амбулаторлық жағдайда және үйде паллиативтік медициналық көмек (қашықтан да) көрсетуге арналған. Мобилдік топ құрамында жалпы тәжірибелік дәрігер, мейірбике, психолог, әлеуметтік қызметкер бар. МБ негізгі міндеттері - ауыр және емделмейтін аурулары (жағдайлар) бар пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту, емделмейтін науқасқа радикалды ем жүргізуге көрсетілім жоқ кезде аурудың ауыр көріністері мен ауырсынуды жеңілдету, ауыр науқасқа мейірбикелік күтімді қамтамасыз ету, отбасы мүшелері мен үйде ауыр науқасты күтуші адамдарды мейірбикелік күтім негіздеріне үйрету, пациенттің отбасы мүшелеріне медицина ұйымы қызметкерлерінің психологиялық және әлеуметтік-құқықтыұ кеңес беру қызметін көрсету. Мобилдік топ емхананың кеңес беру-диагностикалық бөлімшесінің құрамына кіреді.
"Біз күнделікті пациенттің үйіне барамыз, пациентті қараудың жеке жоспарын құрамыз, науқастың жағдайына мониторинг жасаймыз. Қажет болған жағдайда - қашықтан. Сондай-ақ дәрі-дәрмек тағайындаймыз, қолдаушы, ауырсынуға қарсы емді таңдаймыз және үйлестіреміз, қажетті мейірбикелік күтім процедурасын жасаймыз. Егер көрсетілім бар болса пациентті стационарлық жағдайда паллиативтік медициналық көмек көрсететін медицина ұйымына жібереміз",- дейді жалпы тәжірибелік дәрігер Қонайұлы Жамбыл.