№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Алматы қаласының №4 ҚЕ амбулаторлық хирургия орталығында әртүрлі аурулар кезінде операциялар жасалады.

Previous Next
 Оның ішінде көп таралған хирургиялық ауру - шап жарығы. Шап жарығынан хирургиялық ота арқылы ғана емделуге болады. Аллогерниопластика таңдаған кезде хиругиялық араласу саны, орны, жарық қақпасының көлемі, ота жасау аймағындағы тіндердің жағдайы ескеріледі.
"Шап жарығының көлемі әртүрлі болады, жөтелгенде, күш түскенде, физикалық жүктеме кезінде үлкеюі мүмкін. Ауырсыну мен дискомфорт кезеңдік сипатта болады. Жарық көлемі біртіндеп үлкейеді де, тыныш өмір сүруге кедергі келтіріп көп мазалай бастайды. Шап жарығынан ешкім де сақтандырылмаған. Шап жарығын тек хирургиялық жолмен емдеуге болады. Пайда болған жарықты отасыз қайта орнына келтіру мүмкін емес. Жарық қақпасын жабу керек немесе болдырмау керек. Отаны неғұрлым ерте жасаса, соғұрлым асқынулар аз болады. Қарсы көрсетілімдер болмаса отаны кез-келген жаста жасауға болады. Біз жергілікті анестезия арқылы осындай 5 ота жасадық, асқынусыз, жақсы өтті. Пациенттерге ота рецидивтен кейін жасалды. Ол үшін тілік жасалып, өлі тіндерді алып тастайды, жарық қабының ішіндегісі қайтадан құрсақ қуысына салынады. Жарық қақпасына қажетті көлемдегі торлы эндопротез қойылады, ол ішкі органдарды ұстап тұрады және қайтадан жарық пайда болуына жол бермейді. Бұл хирургтан патологияны, құрсақ қуысының және құрсақ қабырғасының анатомиясы бойынша терең білімді, шеберлікті, тәжірибені талап ететін күрделі оталар",- дейді Амбулаторлық хирургия орталығының меңгерушісі, жоғары санатты хирург дәрігер Р.Б.Калымбетов.
Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96