Алматы қаласының 4 Қалалық емханасы Тиісті дәріханалық практика (GPP) Стандарты туралы сертификат алды. Аталған сертификат дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдарды пайдалануды жетілдруге мүмкіндік беретін дәрігер, пациент және фармацевттің өзара байланысын қамтамасыз етуге бағытталған. Дәріханалық ұйымдар дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды бөлшекті таратуға, дәрілік препараттарды дайындауға байланысты фармацевтік қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарға сай келеді. GPP стандарты бойынша сертификат алу Алматы қаласының №4 Қалалық емханасы дәріханалық тәжірибеде жоғары сапа және қауіпсіздік стандарттарын сақтайтынын көрсетеді.