Сіздерді профилактикалық медициналық тексеруден (скрининг) өтуге шақырамыз. Біздің емханада сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, тік ішек және тоқ...
Сіздерді профилактикалық медициналық тексеруден (скрининг) өтуге шақырамыз. Біздің емханада сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, тік ішек және тоқ ішек обырын анықтау бойынша тексеруден өте аласыздар. Скринингтен өту үшін Сіз №116 кабинетке сағат 08.00-17.00 дейін, сенбі күні сағат 09.00-16.00 дейін қарала аласыздар.
СКРИНИНГ дегеніміз – аурулар мен қатер факторларын ерте кезеңде анықтау мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу. Тексеруден өту емдеу тиімділігін арттырып, аурудың асқынуының алдын алуға мүмкіндік береді.