№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» КМК директоры лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Previous Next

09.12.2025ж.

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «№4 Қалалық емханасы» КМК байқау кеңесі директор лауазымына іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

         Конкурсты өткізу мерзімдері: Басталуы 09.12.2025 ж. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 24.12.2025ж. (Алматы уақыты бойынша) сағат 13:00-ге дейін. Әңгімелесу кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде (әңгімелесу кестесіне сәйкес).

Конкурстың өтетін орны: ҚР, 050043, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Орбита-3 ш/а., 12 үй (4 қабат, 407 кабинет).

Кәсіпорынның атауы: Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» КМК (бұдан әрі – Кәсіпорын).

Кәсіпорынның орналасқан жері: ҚР, 050043, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Орбита-3 ш/а., 12 үй, телефон 8 (727) 312-24-75, эл.пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

          Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік аумақтық бағдарламаларды орындау.

Кәсіпорын директорының негізгі лауазымдық міндеттері:

Кәсіпорынның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқару шешімдеріне, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Білуі керек:

ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Еңбек кодексін, ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексін, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексін, ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын, ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын, ҚР "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңын.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

"Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша және (немесе) "Бизнес және құқық"; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.

        Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімдері: «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

 конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін конкурс жариялаған Кәсіпорынға электронды түрде Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. мекенжайы бойынша құжаттарды тапсырады.

Құжаттардың түпнұсқалары сұхбат басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, тұлға сұхбаттан өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96