Алматы қаласы №4 ҚЕ Қытай елінің делегациясы келді, кеңейтілген практика мейіргері, "Жас ұрпақ" ЖДО, патронаждық мейіргерлер кабинеті, реабилитация бөлімшесі және Колл-орталықтың жұмысымен танысты. Емхана қызметкерлері интерактивті түрде Алматы қаласы тұрғындарына медициналық көмек көрсету жүйесі, көмек деңгейі, медицина ұйымының құрылымы туралы презентация көрсетті.
Сонымен бірге созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бойынша Бағдарлама, пациенттерді амбулаториялық реабилитациялау, отбасылық медицина, мейіргер тәжірижесі, алғашқы звено деңгейіндегі жаңа медициналық-әлеуметтік технологиялар жөнінде де айтылды. Кездесу барысында Қазақстанда қала тұрғындары үшін АМСК ұйымдастыру туралы айтылды: мәселелер, жақсартуға арналған негізгі басымдықтар және қол жеткізу.