Алматы қаласы №4 Қалалық емханасының саламатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері У.М.Амиркенова №37 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен интерактивті түрде тұмау және ЖРВИ алдын алу туралы дәріс өткізді. Инфекцияның жұғу жолдары мен белгілері, алдын алу шаралары: гигиена, вакцинация...
Алматы қаласы №4 Қалалық емханасының саламатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері У.М.Амиркенова №37 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен интерактивті түрде тұмау және ЖРВИ алдын алу туралы дәріс өткізді. Инфекцияның жұғу жолдары мен белгілері, алдын алу шаралары: гигиена, вакцинация, жеке қорғаныс заттары – медициналық бетперде туралы айтылды. Кітапшалар таратылды. Жіті респираторлық вирусты инфекциялар жаппай таралатын ауру.
ЖРВИ-мен ауыру мүмкіндігі күз-қыс мезгілдерінде өте жоғары. Сондықтан осы аурудың алдын алу мәселесі де өзекті. Тұмау мен ЖРВИ-ның алдын алу шараларын үш бағытқа бөлуге болады: саламатты өмір салты және толыққанды тамақтану, сақтану шараларын ұстану, дәрі-дәрмекті профилактика. Аса сенімді және тиімді алдын алу әдісі екпе салдыру.