Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың травматолог - ортопед дәрігері Атабек Абдухаликов Евразия Бірінші каналының Қайырлы таң/Доброе утро бағдарламасының тікелей эфирінде қонақта болды. Ол балалардың аяқтарындағы деформацияның себебі неде және оны қалай емдеуге болады, қандай жағдайда операция жасау керектігі туралы айтты. Оның ішінде балалар мен ересектерге қай кезде ортопедтің көмегіне жүгіну керек екенін, үлкен басбармақтың қисаюы неге әкелетінін, тағы басқа да жағдайлар туралы айтты.