Сіздерді профилактикалық медициналық тексеруден (скрининг) өтуге шақырамыз. Біздің емханада сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, тік ішек және тоқ ішек обырын анықтау бойынша тексеруден өте аласыздар. Скринингтен өту үшін Сіз №116 кабинетке сағат 8.00-17.00 дейін, сенбі күні сағат 9.00-14.00 дейін қарала аласыздар.
СКРИНИНГ дегеніміз – аурулар мен қатер факторларын ерте кезеңде анықтау мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу. Тексеруден өту емдеу тиімділігін арттырып, аурудың асқынуының алдын алуға мүмкіндік береді.