2017 жылғы 01 наурызда ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК-да Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту күні» акциясы өткізілді. Сыпайылық таныту әр кезде жоғары бағаланады. Сол арқылы адамдар бір-біріне деген ризашылығын танытып, қуанышымен бөліседі. Психологтар алғысты жиі айтуға, сонымен қатар оны шын көңілмен, ризашылықпен білдіруге кеңес береді.
«Алғыс айту күні» акциясының шеңберінде өткізілген іс-шара туралы ақпарат
2017 жылғы 01 наурызда ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК-да Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту күні» акциясы өткізілді. Сыпайылық таныту әр кезде жоғары бағаланады. Сол арқылы адамдар бір-біріне деген ризашылығын танытып, қуанышымен бөліседі. Психологтар алғысты жиі айтуға, сонымен қатар оны шын көңілмен, ризашылықпен білдіруге кеңес береді. Өйткені, «Рахмет» деген сөз «Рақым ет» деген сөз тіркесінен пайда болды, яғни бұл сөз жиі қолданылуы қажет.
Бұл акцияның негізгі мақсаты - сыйластық, құрметтілік, отанға деген сүйіспеншілік, бірлік, мейірімділік, адалдық және әділдік деген қасиеттерді оятып, нығайту болып табылады. Дәрігерлер мен басқа да мамандар Сіздерге әрдайым қол ұшын беруге дайын! Іс-шара шеңберінде ұжымның салтанатты жиналысы өткізілді, қызметкерлер алғыс хаттармен және мадақтау грамоталарымен марапатталды. Балалар мен көпбалалы отбасыларға баланы дамытатын материалдар сыйға тартылды. Емхананың және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ отбасы медицинасы және терапия кафедрасының бейінді мамандарының қатысуымен консультациялық-диагностикалық қабылдаулар жүргізілді, ал қозғала алмайтын пациенттер үшін үйлеріне барып қызметтер көрсетілді.