Алматы қаласының №4 Қалалық емханасында ақпараттық терминалдар орнатылды. Біз емделушілерге қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне кезеңмен өтудеміз.
Алматы қаласының №4 Қалалық емханасында ақпараттық терминалдар орнатылды. Біз емделушілерге қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне кезеңмен өтудеміз.
Ақпараттық терминалдың «Жұмыс үстелі» түсінікті, әрі ыңғайлы. Басты экранда бірнеше функция бар: емхана бойынша навигация, дәрігерлердің жұмыс кестесі, тіркелуді тексеру, нормативті-құқықтық база, қызметкерлерді бағалау. Оның ішінде емхананың байланыс мәліметтері де бар (колл-орталық, бас дәрігердің қабылдау бөлімі, электронды пошта).
Әрбір емделуші өз бетімен дәрігерлер туралы, олардың қабылдау кестесі, т.б. туралы мәлімет ала алады. Өздерінің пікірлерін қалдыра алады. Ақпараттық терминал әкімшілікпен кері байланыс орнатуға қолайлы. жұмыстағы кемшіліктер жедел қаралып, қызмет көрсету сапасы жақсарады.