"Біз қосымша тағам деген не және баланы дұрыс тамақтандырудың маңызы, қосымша тамақ беру мерзімі, түрлері, қандай тағамнан бастаған дұрыс екенін түсіндіреміз. Қосымша тағам - баланың рационын толықтыратын өнімдер. Қосымша тағамды баланың өсуі мен дамуына қажетті микроэлементтердің тапшылығын болдырмау мақсатында береді. Микроэлемент тапшылығын толтырумен қатар, қосымша тағам баланы тамақты шайнауға, жұтуға және дәмін ажыратуға үйретеді. Бұл тақырып балалары емшек сүтінен және жасанды тамақтандырудан баланың рационына жаңа тағамдарды енгізуді бастаған аналар үшін маңызы зор",- дейді медицина қызметкерлері.
Сабақ кезінде аналар өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алады, қосымша тағамды дайындауға қатысады, қандай тағамдарды бірге қосуға болады, т.б. білетін болады.
Жаңалықтар
№4 ҚЕ педиатр дәрігері Н.М.Холмирзаева ата-аналарға 6 айдан бастап балаға үстеме тамақ беру туралы тренинг өткізді.
