№4 ҚЕ отбасын жоспарлау мектебінде жас аналарға арнап әртүрлі тақырыпта сабақтар өтеді. Оның арасында босануға дайындық, жүктілік кезіндегі жаттығулар, т.б. тақырыптар бар. Солардың ішінде маңызды тақырыптың бірі - босанудан кейінгі күйзеліс.
Сабақты гинеколог дәрігер Ж.Бекишева, психолог Ж.Палымбетова жүргізеді. Осы кездесулер кезінде дәрігер босанудан кейінгі күйзеліске түспеу жолдарын, психологиялық денсаулықты сақтау туралы айтады.
"Босанудан кейінгі күйзелістің бірнеше белгісі бар: көңіл-күйдің бұзылуы, мазасыздану, ұйқы бұзылуы, т.б. Ауыр түрлері де болуы мүмкін: үрейлену, бас қатыратын ойлар. Әйелдердің бәрінде күйзеліс бола бермейді, бірақ бала туу - күрделі сынақ. Біздің міндетіміз - маңызды ақпаратты жеткізу, талқылау, қиын жағдайлардан өтуге көмектесу.
Сабақ қызықты өтеді, тыңадушылар белсене қатысады. Бұл өте маңызды, себебі ең бастысы - жақсы көңіл-күйді сақтау. Біз психикалық денсаулықты сақтауға көмектесетін тәжірибедегі іс-әрекетті талқылаймыз",-дейді дәрігер.