2022 жылғы Бүкіләлемдік жүрек күнінің ұраны - "Жүрек өмір үшін".
Бүкіләлемдік жүрек күні аясында өткізілетін шаралардың негізгі мақсаты жүрек және тамыр ауруларының алдын алу мәселесі бойынша халықтың білім деңгейін көтеру, сондай-ақ дер кезінде коррекция жасау үшін тамыр ауруларын ерте анықтауға ынталандыру.
Алматы қаласы №4 ҚЕ СӨС дәрігері У.Амиркенованың ұсынысын МОК студенттері шын ықыласпен қолдады. Бүгін олар "Жүрек өмір үшін!" тақырыбына флешмоб өткізді.