2021 жылғы 22 қарашада Алматы қаласында COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация науқаны басталды. Бүгін алғашқылардың бірі болып №4 Қалалық емханада Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев екпе алды. Қазіргі кезде ревакцинация жасау үшін инактивтендірілген QazVac және Sinopharm (Vero Cell) вакциналары қолжетімді.
Бірінші кезекте ревакцинацияға тұрғындардың осал топтары жатады, олар - медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелер, жабық балалар мекемелері, 60 жастан асқан адамдар, КВИ қарсы толық вакцинация курсынан кейін антитела анықталмаған иммунитеті төмен адамдар, өз бетінше тексерілген және КВИ-ға қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдар жатады
КВИ-ге қарсы ревакцинация векторлық вакцинадан соң 9 айдан кейін жасалады. Инактивтендірілген және м-РНК-вакцинадан соң 6 айдан кейін жасалады.
Сондай-ақ, қалалық емханаларда жүкті әйелдерге, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға және бала емізулі аналарға COVID-19 врусына қарсы Pfizer компаниясының «Комирнати» екпесін салу да жүргізіліп жатыр.