Алматы қаласы №4 ҚЕ "Жас ұрпақ" Жастар денсаулық орталығы өз жұмысын бастады. Орталық БМСК құрылымдық бөлімшесі болып табылады, жастар мен жасөспірімдерге емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді. Жастар денсаулық орталығының негізгі мақсаты - денсаулықты сақтау, жоғары білікті медициналық-психоәлеуметтік және тегін медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы 10-нан 28 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарды әлеуметтендіру бойынша қолайлы жағдайды қамтамасыз ету.
Орталықта келесі мамандар жұмыс істейді: гинеколог, педиатр, психолог, дерматолог, уролог, СӨС дәрігері, заңгер.
Уролог дәрігер Ахат Абылайхан Маратбекұлы зәр шығару жолдарының ауруларының диагностикасы, алдын алу және емдеу жөнінде кеңес береді.
"Бүйрек пен қуықтың жасырын өттас ауруларын, жыныс жолдары арқылы жұғатын инфекцияларды анықтау үшін профилактикалық тексерулерден өтіп тұруға кеңес беремін. Организмде өзгерістер, симптомдар анықталған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралу керек",- дейді Абылайхан Маратбекұлы.