Алматы қаласы №4 Қалалық емханада Қоғамдық қабылдау жұмыс істейді. Емханаға кірген жерде емделушінің қарсы алдындағы ашық әйнекті бөлме – Қоғамдық қабылдау орны. Біздің қызметкерлер «осы жерде және қазір» принципі бойынша барлық сұрақтарға жауап береді. Бекітілген кестеге сәйкес сағат 8.00-ден 18.00 дейін Ішкі аудит қызметінің мамандары, бас дәрігердің орынбасарлары, бөлімше меңгерушілері кезекшілік етеді. «Біз барлық сұрақтарға бірден жауап береміз. Бізге келген адамдар уақыттарын үнемдейді. Медициналық қызмет сапасы жоғарылайды, емделушілер үшін кедергісіз орта құрылады» - дейді №1 жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімшесінің меңгерушісі Л.О. Чилиманова.