Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың СӨСҚ дәрігері Тесікбай Айгерім ЖШС «Элко» балалар бақшасында «Тазалықты сүйетін балалар» атты ойын ұйымдастырып өткізді. Ойынның мақсаты- балаларда жеке бас тазалығын сақтау арқылы денсаулықты нығайтуға және қол жуу қимылдарын ретімен орындауға үйрету. Балалар гигиена сақтамаудан болатын аурулармен жиі ауырады. Сондықтан тамақ ішу алдында, одан кейін де қолды сабындап жуу аса маңызды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі 50-ден аса бала қолды қалай дұрыс жуу керектігін және тісті қалай дұрыс тазалауды үйренді.