Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың жоғары санатты педиатр дәрігері М.К.Дюсупова ата-аналармен «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу. Тағамнан улану, симптомдары мен емі» тақырыбында әңгіме өткізді. Жіті ішек инфекцияларымен ауыру жаз айларында жиілейді. Әсіресе балалар көп ауырады. Ішек аурулары бактериялар мен вирустардың әсерінен болатын асқазан-ішек жолдарының бұзылысымен жүреді.
Сондықтан аурудың алдын алу шараларын қатаң сақтау қажет, ал ауру белгілері пайда болса (енжарлық, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, диарея, іш ауыруы, дене қызуының көтерілуі) дәрігерге қаралған жөн. Ішек инфекцияларын өз бетімен емдеу аса қауіпті. Балаларда ағзаның сусыздануы тез болады да өміріне қауіп төндіретін асқынуларға әкеледі. Кездесу барысында жеке бас тазалығының негізгі ережелері туралы айтылып, брошюралар таратылды. Ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.