Алматы қаласы №4 Қалалық емхана тұрғындар арасында міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмысын жалғастыруда.
Жақында №1 жалпы тәжірибелік бөлімшенің медициналық қызметкерлері №113 балабақшада болды. Кездесу барысында МӘМС негізгі міндеттері туралы айтылды: міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі деген не, МӘМС сенгізу мақсаты және негізгі принциптері, медициналық қызмет түрлеріне не кіреді, т.б.
Балабақша қызметкерлері тақырыпқа қызығушылық танытып, сұрақтар қойды, нақты жауаптар алды. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.