Туберкүлезді диагностикалау және анықтау
- 2019 жылдың 15 ақпанында жарияланған
- Алматы қ. №4 қалалық емханасының фтизиатры А.С.Қарбаева 1-ші терапевттік бөлімшенің медициналық қызметкерлеріне «Түбіркүлезді диагностикалау және анықтау» тақырыбы бойынша үйрету семинарын өткізді.
- Мақсаты: алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы дәрігерлердің түбіркүлезді ерте диагностикалаудағы сақтығын арттыру. Семинар қорытындысы бойынша мамандар алған материалдар бойынша біліктілік тесттерін тапсырды.
- «Дәрігерлерге дер кезінде келу - түбіркүлезді емдеуде жақсы нәтиже береді. Ауруды ерте анықтап, оны емдеу – біз үшін маңызды. Бұл ең негізгі алдын алу» - дейді емхананың 1-ші терапевттік бөлімше меңгерушісі Құрманғалиева Рәзия Кәмілқызы.
{gallery}/1/6/{/gallery}