№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

Көрме халықтық-қолданбалы шығармашылық


Бүгін Аль-Фараби ат.Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында Астана қаласының 20 жылдығына арналған ұлттық қолөнер көрмесі өтті. Көрмені ұйымдастырушы – Бостандық ауданының «Нұр Отан» партиясының филиалы. Көрмеге Бостандық ауданы бойынша «Нұр Отан» партиясы ұйымының 33 филиалы қатысты. Қатысушылар көрмеге қазақ халқының ұлттық нақыштағы қолөнер туындыларын, әртүрлі суреттер мен портреттер, басқа да әдемі, көркем заттарды шығарды.

Көрменің мақсаты - қазақстандықтардың мақтаныш сезімін нығайту, Астана қаласының мерейтойын өткізуге белсене ат салысу, өнер туындылары арқылы Қазақстан тарихын насихаттау, Отанға деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Комиссия мүшелері жұмыстарды берілген тақырыпқа, ұлттық дәстүрге сай, шығармашылық тұрғыдан орындалуына, бұйымның өзгешелігіне қарап баға берді. Ең үздік бұйымдар грамотамен, бағалы заттармен марапатталды. Сонымен қатар, көрермендер көзайымы және комиссия атынан арнайы сыйлықтар берілді.

Алматы қаласы №4 Қалалық емханасы аталған көрмеге белсене қатысып, жүлделі орын иеленгенін мақтанышпен атап айтамыз. №4 Қалалық емхананың «Тұмар» біріншілік партия ұйымының хатшысы Ш.А.Анарбаеваға алғыс хат пен бағалы сыйлық тапсырылды.

{gallery}/NOVOSTI/psix10/{/gallery}
Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96