Бүгін Алматы қаласы №4 Қалалық емханада Халықаралық мейірбикелер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Кіріспе сөзді емхананың бас дәрігері З.И.Умарова алды. Ол мейірбикелерді кәсіптік мереке күнімен құттықтап, денсаулық, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі. Мейірбикенің жұмысы - тек қана дәрігер тағайындаған процедураны жасау емес. Бұл үлкен жауапкершілік, қамқорлық және пациенттерге көңіл бөлу. Ең үздік мейірбикелер "Amanat" партиясының және "Медик" Жергілікті кәсіподақ" АҚ Құрмет Грамоталарымен марапатталды. №4 ҚЕ 240 мейірбике жұмыс істейді. Науқастың тезірек сауығып кетуі мейірбикенің біліктілігіне, шыдамдылығы мен адалдығына да байланысты.
№4 Қалалық емхананың құрметті мейірбикелері! Сіздердің еңбек жолдарыңыз пациенттердің алғысымен, қуанышымен толыға берсін!