№4 қалалық емхана
Ресми интернет-ресурс

1-сынып оқушылары арасында туберкулезге қарсы ревакцинациялық науқан

Алматы қаласының 1-ші сынып оқушыларын Туберкулезге қарсы ревакцинация науқанын ұйымдастыру және «қауіпті топтағы» балалар арасында...

Алматы қаласының 1-ші сынып оқушыларын Туберкулезге қарсы ревакцинация науқанын ұйымдастыру және «қауіпті топтағы» балалар арасында туберкулезді ерте анықтау бойынша іс-шараларды қүшейту туралы.

Алматы қаласы Бостандық және Әуезов аудандарының мектептерінде бірінші сынып оқушыларына Манту сынамасы және БЦЖ ревакцинациясын жасау басталды. Барлығы 1700 оқушы қамтылады. №4 Қалалық емхана қызмет көрсететін аумақта 10 қалалық мектеп, 9 жеке меншік мектеп бар. Туберкулезге қарсы ревакцинация науқаны қыркүйек айының 1-нен 30 аралығында өткізіледі. Мектеп дәрігерлері ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, информациялық-білім беру материалдарын таратты.

"Біз Манту сынамасы баланың организмінде туберкулез ауруының қоздырғышы Кох таяқшасы бар-жоғын көрсететіні туралы айтамыз, яғни инфекция жұқтырудың алғашқы белгісі. Манту сынамасы туберкулинге реакцияның күшеюіне қарай инфекцияның белсенділігін көрсетеді, диагнозды растайды. (оң реакция, мұндай балаларды толық тексеруден өту үшін фтизиатрға жібереміз) немесе теріс реакция-бұл кезде балаларға БЦЖ вакцинасын саламыз (яғни Туберкулез ауруына қарсы вакцина). Вакцина күнтізбесі бойынша БЦЖ вакцинасын бала екі рет алады. 1 рет : Бала перзентханада туылғаннан кейін, 2 рет: мектепке 1 классқа келген кезде. Манту сынамасы - Туберкулез ауруын ерте анықтау үшін қолданылады, оны 2 айлық жастан бастап 14 жасқа дейін жасайды. Бала 15 жасқа толғанда Манту жасалмайды. Осы жастан бастап оларды флюорографияға жібереміз",- дейді мектеп дәрігері Д.Ш.Калиева.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96