Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша бастауыш партия ұйымының төрағасы 2021-2022 жылдары және 2023 жылдың 6 айында атқарған жұмыс туралы есеп және партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырылу жағдайы мен алдағы міндеттері жайлы баяндама оқыды. Екінші сұрақ бойынша партия мүшелерінің ашық дауыс беру негізінде бастауыш партия ұйымының төрағасын сайлады. Жиын соңында Бостандық аудандық партия филиалының ХХХV-ші есеп беру-сайлау конференциясына делегат сайланды.