Сұрақ/жауап
Смаков Думан
Monday, 26 March 2018 10:51
Дәрігерге алғыс!
Дәрігерге алғыс!
Бала кезімен талай дәрігерге қаралып, талай емхананың табалдырығын тоздырып келем. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын дәрігер мен емхана таңдау мүмкіндігін естігенде қатты қуандым. Шыны керек, бұл азаматтардың таңдау құықығы бірінші кезекте тұратын Тәуелсіз ел үшін дер кезінде жасалған нақты қадам болатын. Осы уақытты сәтті пайдаланғандардың бірі мен едім. Баяғыдан қаралып жүрген емханамды төртінші емханаға ауыстырдым.
Бұл жердегі дәрігерлердің біліктілігі мен адам үшін жаны ашып тұратындығы қатты үнайтын еді. Сөйтіп жүргенде көз дәрігері Буримкулова Айсұлу ханыммен таныстым. Айсұлу Темірбайқызы бүгінде менің ең сүйікті ғана емес, өз денсаулығымды сеніп тапсыра алатын маманға айналды. Жанарымда сәл бір мұң болса да, басым ауырып, балтырым сыздаса да Айсұлу ханымға келетін болдым.
Сіздердің емхана қызметкері Айсұлу ханымның менің өсіп жетілуіме қосқан үлесі ерекше. Ол кісінің маман ретінде ғана емес, сізбен өзге дәрігерлерге қарағанда, адам ретінде көбірек әңгімелесіп, ауруыңызға шипа іздеуге ұмтылады. Сол себептен де Буримкулова Айсұлу Темірбайқызына деген алғысымды жазуға бел будым.
Құрметті Айсұлу ханым! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Сіздей дәрігердің қарауында болғанымды мақтан тұтамын! Бойына ем дарыған емделушілеріңіз көп болсын! Табысты болыңыз! Әуелі Жаратушының, сосын Өзіңіздің арқаңызда көзім көріп жүр. Сізге мың алғыс!
Құрметпен, Factcheck.kz жобасының бас редакторы, Халықаралық журналистер Одағының мүшесі, Думан Смақов.

1 хабарлар
Құрметті Смақов Думан! Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК әкімшілігі емхана қызметкері Буримкулова Айсұлу Темирбайқызы жұмысына жоғары баға беріп, жазған жылы лебіздеріңізге шынайы алғысын білдіреді. Емхананың атынан Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт, бақ-береке тілеймін.