Call-центр Поликлиники:+7 (727) 312-24-77
 Служба поддержки пациентов и внутреннего аудита  
+7 (700) 674 60 44
Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
 
 Емхананың Call — орталығы:
        +7 (727) 312-24-77

Жаңалықтар

Алматы қаласы №4 ҚЕ СӨС дәрігері У.Амиркенова №45 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына "Туберкулёз профилактикасы" тақырыбына дәріс өткізді. Маман туберкулездің сипмтомдары, берілу жолдары және алдын алу туралы айтты. Кездесудің мақсаты – туберкулез, оның жұғу жолдары туралы айту, профилактикалық екпелердің қажеттігін, аурудың негізгі белгілері туралы түсіндіру.
Туберкулёз – өкпе бұызысына әкелетін қауіпті инфекциялық ауру. Туберкулездің таралу жолы – ауа-тамшы арқылы, әсіресе науқас адаммен жиі қарым-қатынаста болған кезде жұғу мүмкіндігі жоғарылайды. Туберкулезді дер кезінде емдемесе ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

СӨС дәрігері У.Амиркенова ҚАУ-нің мектеп оқушыларына "Нашақорлықтың профилактикасы" тақырыбында дәріс өткізді. Жасөспірімдермен кездесудің мақсаты - нашақорлықтың алдын алу және жастарға есірткінің зияны туралы түсіндіру

СӨС дәрігері У.Амиркенова ҚАУ-нің мектеп оқушыларына "Жасөспірімдердің жеке гигиенасы" тақырыбында дәріс өткізді". Гигиена - жасөспірім денсаулығының маңызды бөлігі. Біз теріні таза ұстау, ішкиім мен киімдерінің тазалығы, тісті дұрыс күту, қол мен тырнақтың тазалығы туралы айтамыз. Қоғамдық орындарға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында қолды мұқият жуу керек. Тісті де күту аса маңызды. Теледидарды ұзақ қарауға, компьютерде, телефонды көп пайдалануға болмайтыны туралы да айтамыз. Ұйқының ұзақтығы 8 сағаттан кем болмау керек",- дейді медицина қызметкерлері.

Алматы қ.№4 Қалалық емханаға тіркелген пациенттер! Сіздерді скринингтен өтуге шақырамыз. Скрининг дегеніміз- дені сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеру. Скринингтің негізгі мақсаты - ауруды және қауіп факторларын ерте кезеңде анықтау.
Скринингтің түрлері: 30-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерді мінез-құлық қауіп факторларын, қанайналым жүйесі ауруларын, қант диабеті және глаукоманы ерте анықтауға скринингтік тексеру (2 жылда 1 рет) 40-70 жастағы әйелдерді сүт безінің қатерлі ісігі және қатерлі ісік алдындағы ауруларды ерте анықтауға скринингтік тексеру (2 жылда 1 рет) 30-70 жас аралығындағы әйелдерді жатыр мойыны қатерлі ісігі және қатерлі ісік алдындағы ауруларды ерте анықтауға скринингтік тексеру (4 жылда 1 рет) 50-70 жас аралығындағы еркектерді тоқ және тік ішектің қатерлі ісік аурулары және қатерлі ісік алдындағы ауруларды ерте анықтауға скринингтік тексеру (2 жылда 1 рет). Сіздерді мкр.Орбита 3, 12 үй мекенжайы бойынша №4 Қалалық емханада №113, 116 бөлмелерде күтеміз. Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 8.00-ден 17.00 дейін, сенбі күні сағат 8.00-15.00 дейін. Анықтама телефоны: call center 312-24-77

№4 ҚЕ Бостандық және Алатау ауданының медицина қызметкерлері үшін тұмау және ЖРВИ дифференциялық диагностикасы, емдеу және профилактикасы туралы семинар өтті. Семинарды ұйымдастырушылар Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы, Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау Департаменті. Алматы қаласындағы тұмау және ЖРВИ аурулары бойынша эпидемиологиялық жағдай, ЖРВИ, тұмаудың зертханалық диагностикасын ұйымдастыру, биоматериалды алу, уақытша сақтау және вирусологиялық зертханаға жеткізу мәселелері қарастырылды. Тұмау және ЖРВИ: клиника эволюциясы, диагностика, емдеу және профилактика сұрақтары талқыланды. Сонымен бірге қойылған сұрақтарға жауап берілді. Семинарға 112 адам қатысты.

№4 ҚЕ психологы Майра Базарбаевна Шынгысбаева күйзелістен қалай арылуға болатыны туралы айтады.
Бұл оңай емес, бірақ мүмкін! Ең алдымен психологтың не психотенрапевттің көмегіне жүгіну қажет. Психотерапевт сіздің жан әлеміңізді барынша түсініп, сіздің бар сырыңызды тыңдап, оны сақтай алатын Сіз сенім арта алатын жан. Психотерапияны үзбей әр апта өтіп отырыңыз. Ұзақтығы өзіңізді жақсы сезінгенге дейін, әр адамның мәселесіне қарай созылады. Психотерапевттің айтқан үй тапсырмаларын орындап отырыңыз.
Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Бала кезде көбінде қандай іспен айналысқанды ұнатқан едіңіз немесе армандаған едіңіз соны іске асырыңыз. Мысалы: қол өнермен айналысу (тоқыма тоқу, сурет салу, тігінмен айналысу, ағаш жону , кітап оқу т.б).
Спортпен шұғылдану: аптасына 2 мәрте йогамен айналысу, жаяу жүру, таза ауада серуендеу. Стресс гормонын картизолды төмендетеді. Жүзумен айналысу денеңізді сезінуді жақсартады. Атқа міну-тіпті ауыр жағдайдағы сал балаларды да емдеуге қасиеті бар екені дәлелденген. Бокспнен айналысу-іштегі ашу ызаны шығаруға көмектеседі. Т.б өзіңізге жақын спорт түрімен айналысып дене қимылын көбірек жасаңыз. Себебі, ойдың көп болуынан және оның қайталана беруінен депрессия туындайды. Ал, сол ойды дене қимылы арқылы сыртқа шығаруға жақсы мүмкіндік.
Ойды позитивті ойларға алмастыру: егер сізде біреуге деген реніш болса оны қағазға бар айтқыңыз келген ойыңызды жазып, оны майдалап жыртып, унитазға ағызып жіберу. Одан кейін қағазға немесе оймен ол адамға не үшін алғыс айта аласыз соны ойлаңыз.
Үй жағдайында қолдануға арт терапияның бір тәсілін қолдансаңыз тіпті жақсы. Мысалы, «Фрактальный ресунок». А4 қағазына көзді жұмып қолды еркіндікке жіберіп қағаз бетін толтырып шимайлап сызып шығасыз. Және оны әр түрлі қалаған түстеріңізбен бояп шығыңыз. Осы тәсілді қалағаныңызша жасасаңыз болады.
Табиғатпен тілдесу. Мысалы: тауға барып, ағып тұрған өзенге қарап тұрып ойыңызбен жағымсыз ойларды ағызыңыз. Ішіңізге толған эмоцияларды тауға қарап, ешкім жоқ жерде айқайлап шығару. Табиғаттың аясында отырып медитациялар жасаңыз.
Негативті ортадан алшақтаңыз. Яғни, сізді кемітетін не сөгетін адамдардан өзіңізді аулақ ұстаңыз. Керісінше өзіңізді дамытатын, позитивті ортамен араласыңыз.

№4 ҚЕ эндокринолог дәрігері М.З.Конысбаева "Қант диабеті мектебінде" "Қант диабеті кезінде тамақтану" тақырыбында сабақ өткізді. Қант диабетінің алды алу, ұтымды тамақтану, тамақтанудың денсаулыққа әсері, семіздіктің түрлері туралы айтты. Пациенттер өз сұрақтарына толық жауап алды. Профилактика үшін су теңгерімін қатаң сақтау, ағзаның сусыздануына жол бермеу, дұрыс тамақтануды ұстану, артық тамақ ішпеу, артық салмақ қоспауға тырысу, спортпен шұғылдану, жеткілікті демалу және ұйықтау туралы кеңес берілді.

№4 ҚЕ дәрігері У.Амиркенова ҚАУ мектебінің оқушылары үшін "Электронды темекінің зияны" тақырыбында дәріс өткізді. Кездесудің мақсаты - темекі шегудің зардаптарына жасөспірімдердің назарын аудару. Оқушылар темекі шегу жүйке жүйесіне, жүрекке және қантамырларына аса қатты әсер ететінін білді. Дәрігер темекі түтінінің толық химиялық құрамын көрсетті, темекі шегу кезінде осы заттар ағзаға түсетітінін айтты. "Оқушыларға мүмкін зардапттар туралы айту маңызды. Электронды темекілер шылымқор болуға әкеледі. Біз үнемі оқушыларға электронды темекінің зияны туралы айтып, саламатты өмір салтын ұстануға шақырамыз",- дейді дәрігер. Темекі шегудің зияны мен зардаптары туралы бейнеролик көрсетілді.

Алматы қаласы №4 Қалалық емхананың дәрігері У.Амиркенова №60 мектеп-гимназияның оқушылары арасында "Жасөспірімдер арасында токсикомания профилактикасы" тақырыбында семинар өткізді. Кездесудің мақсаты - өз денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыру, жасөспірімдерді уытты заттарды қолдануға тартуға қарсы тұруды үйрету. Дәрігер психикалық белсенді заттарды пайдаланудың белгілері мен зардаптары туралы айтты. "Улы буларды иіскеу не үшін қауіпті?" атты бейнеролик көрсетілді.

Байланыстар

  • Алматы қ. Орбита-3 ықшамауданы,
    Торайғыров көш.,12, Мұстафин бұрышы
  • Емхананың Call — орталығы:
    +7 (727) 312-24-77
  • This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  • Карта сайта

ЕМХАНА ТУРАЛЫ

«№4 қалалық емхана» МКҚК қайта атау туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 4/729 қаулысы негізінде құрылған. Емхана алғашқы медициналық-санитарлық, консультативтік диагностикалық, соның ішінде мамандандырылған көмекті көрсетеді, ересектерге, балаларға және әйелдерге біржолғы көмек, 83690 мемлекеттік тапсырыс бойынша... Толығырақ
Template Settings
Select color sample for all parameters
Green Dark_Green Oranges Yellow
Background Color
Text Color
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
Direction
Scroll to top