Городская поликлиника № 4
Ресми интернет-ресурс

"Біздің дәрігерлер" айдары

{gallery}/0novosti/1/72/{/gallery}

Жаны таза, жүрегі ақ, мейірімді, қамқоршы, нәзік және кез-келген уақытта көмекке келеді! Балалар дәрігері дәл осындай болу керек! Осы керемет сөздер Алматы қаласы №4 Қалалық емхнаның №1 педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі Дүйсенкүл Каржаубаевна Жумадиллаеваға лайықты. Біздің дәрігер өз ісінің маманы, сүйікті жұмысына жан-тәнімен берілген. Ата-аналармен 24/7 байланыста. Оған тәуліктің кез-келген уақытында әртүрлі сұрақтармен хабарласады. Ол бірден көмекке ұмтылады. Біздің емханада 16 жылдан аса жұмыс істейді. "Алтын дәрігер" төсбелгісімен марапатталған. С.Ж.Асфендияров ат.ҚазҰМУ бітірген. Дүйсенкүл Каржаубаевна бірнеше рет теледидарда бағдарламаларға қатысқан, балалар денсаулығына қатысты медициналық тақырыптарда газет-журналдарға сұхбат береді.

"Әр қоңырау мен үшін маңызды. Бұл көмек қажет деген сөз ғой. Әрқашан дайын болу керектігін түсінемін. Қоңыраулар таңертең ерте де, кешке де болады. Мына бір жағдай есімде. Сенбі күнгі кеш. Маған қоңырау шалды. Жағдай ауыр. Баланың дене қызуы көтерілген. Мен бірден үйіне бардым. Жағдайды бағаладым. Бұл менингококк инфекциясы екен. Бірден ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдадым. Баланы реанимацияға жатқызды. Ары қарай бәрі жақсы, емделіп шықты. Біз бәрін дер кезінде жасадық. Ата-аналар баланың денсаулығына аса мұқият болу керек, дәрігерге қаралуды ұзаққа созбағаны жөн. Ауыр зардаптарды болдырмау үшін барлығын жылдам, уақытында жасау керек. Әрі ата-аналарға өз балаларына көп уақыт бөлуге кеңес беремін, олармен жиі сөйлесіп, қажет болса көмектесіп, қолдау көрсету қажет. Үлкендер телефондарын тастап, балалармен қарым-қатынас жасау керек. Ең бастысы - оларды жақсы көру, күнделікті жақсы көретінін білдіріп отыру. Жалпы өмірде барлығы туыстарды, адамдарды жақсы көруден тұрады. Сүйспеншілік пен қайырымдылық - маңызды сапа", - дейді Дүйсенкүл Каржаубаевна.

Неге медицинаны таңдаңыз? Мен көп балалы отбасынанмын. Балалардың біреуі ауырып қалса анам қатты уайымдайтын. Есімде қалғаны бірде інім ауырып қалды, оның іші ауырып, пневмония болды. Мен 1 сыныпта оқитынмын. Сол кездің өзінде менің оған көмектескім келді, інім ауырмас үшін оны ауыртпайтын бірнәрсе істегім келді. Осы балалық арман өсе келе дәрігер болмын деген шешімге әкелгеніне сенімдімін. Бұл шешімді мен нық сеніммен қабылдадым. Ешкім ауырмаса екен, ауырғандарды емдеп, көмегімді тигізгім келді. Сол інімнің қазір 7 баласы бар. Мен әрқашан жанындамын, қажет болғанда кеңес беремін.

Қыс мезгілінде қандай шағымдармен көп қралады? Ең бірінші суық тиіп ауыруға шағымданады, әсіресе - құлақ, тамақ және мұрын. Сондай-ақ ЖРВИ, бронхит, пневмония. Бала ағзасының инфекцияларға қарсылығын көтеру үшін таза ауада серуендеуге кеңес беремін, әрі киім мен аяқ киімді дұрыс таңдау керек, ұтымды тамақтану және көп су ішу, бөлмені желдету, тазалықты сақтаған жөн.

Ата-аналармен және балалармен сенімді байланысты қалай орнатасыз? Бастысы - жанашырлық көрсету және уайымына ортақтасу, қамқорлық, адамдарды, өз жұмысыңды жақсы көру. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Менің мамандығым - бұл менің өмірім! Жан-тәніңмен беріліп істесең бәрі қолыңнан келеді. Бала мен ата-ананың күлкісі мен үшін - басты марапат. Емдеу шаралары жақсы нәтиже бергенде, балалар сауығып кетсе шын жүректен қуанамын. Мен үшін және менің әріптестерім үшін біздің пациенттеріміз - ең жақын адамдар. Біздің міндетіміз - дені сау балаларды динамикада бақылау, профилактикалық тексерулер және диспансерлік бақылауға алу, Ұлттық егулер күнтізбесіне сәйкес профилактикалық екпелер жасау, балаларға үйде және емханада емдеу-профилактикалық көмек көрсету.

Өмірдегі Сіздің ұстанымыңыз? Көмек қажет адамдарға әрқашан көмек беру! Әр адамға көмектесу!

Бос уақытыңызды қалай өткізесіз? Отбасыммен. Туғандарыңа уақыт бөлу маңызды. Бос уақытымды анаммен өткіземін. Ол кісімен қызықты, мейірімді, жылылықты сезінесің! Отбасы - адам өміріндегі ең қымбаты. Барлығыңызға зор денсаулық, бақыт және махаббат тілеймін! Бір-біріңізді бағалаңыздар, қорғаңыздар! Уақытында дәрігерге қаралуды ұмытпаңыздар!

Сұхбат бергеніңіз үшін Сізге рахмет! Сізге де денсаулық, жұмыста табыс тілейміз!

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96