Мақсаты - ҮТО жұмысымен танысу және тәжірибе алмасу. Келушілер Алматы қ. "Жас ұрпақ" Жастар денсаулық орталығының жұмысымен, медициналық оңалту бөлімшесінің, салауатты өмір салтын сақтау бөлмесінің баланы дамыту бөлмесінің жұмыстарымен танысты. Сонымен бірге патронаждық мейірбике, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, симуляциялық бөлме жұмыстарын да көрді.