Call-центр Поликлиники:+7 (727) 312-24-77
 Служба поддержки пациентов и внутреннего аудита  
+7 (700) 674 60 44
Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
 
 Емхананың Call — орталығы:
        +7 (727) 312-24-77

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің «Дені сау ұлт – қуатты мемлекет!» жобасы аясында Сіздерге міндетті түрде СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН өтуге кеңес береміз!

Тұрғындар арасында скрининг бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілуіне қарамастан азаматтардың көпшілігі әлі күнге дейін оның маңыздылығын түсінбейді. Көбісі уақыт жоқ деген сылтаумен профилактикалық тексеруден өтпейді, дегенмен уақытылы өткізілген скрининг қауіпті ауруларды анықтауға және алдын алуға көмектеседі. Адамдар бұл процедураның маңыздылығын түсінуі үшін не істеу керек?

Қазақстандағы скринингтік тексеру туралы білу керек

1.Қандай жағдай болды?

2016 жылы 36 000 қазақстандық «қатерлі ісік» диагнозын естіді. Жыл сайын елімізде онкологиялық аурулардан 13 000 жуық адам қайтыс болады. Дәрігерлердің айтуынша ауруға қарсы күрестің аса тиімді әдісі – оны ертерек анықтау. Отандық денсаулық сақтау саласында қауіпті ауруларды ерте диагностикалау бағдарламасы бар, оның ішінде онкология да бар, бірақ ол туралы көпшілік адамдар білмейді.

2. Скринингтік тексеру деген не?

Бұл тексеруді профилактикалық деп атауға да болады. Оның мақсаты біреу - ауруды немесе оған бейімділікті ерте кезеңде анықтау және дер кезінде көмек көрсету. Бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, скрининг нақты аурулар бойынша және белгілі бір жас тобына жүргізіледі. Екіншіден, тексеру аурудың қандай да бір белгісі болмаған жағдайда да жүргізіледі, тек өз денсаулығына сенімді болу үшін. Үшіншіден, скрининг тегін жүргізіледі.

3.Қандай аурулар бойынша диагностика жасалады?

Скринингтік тексерулер тізіміне енгізілген:

  • қанайналымы жүйесі аурулары – жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония;
  • қант диабеті;
  • глаукома;
  • онкологиялық аурулар – сүт безінің қатерлі ісігі, жатыр мойны қатерлі ісігі, простата қатерлі ісігі, тоқ және тік ішіек қатерлі ісігі, бауыр, өңеш және асқазан қатерлі ісігі

4.Скринигтік тексеруден өту жиілігі қандай?

Кейбір скринингтер бес жылда, кейбіреуі әр екі немесе төрт жылда бір рет өткізіледі. Өту мерзімі аурулардың даму жылдамдығына сәйкес бекітіледі.

5. Скринигтік тексеруден қай жас тобындағылар өтеді?

Адамдардың жасы аурудың түріне байланысты. Скрининг үшін мүмкін ең төменгі жас – 25 жас (диабет, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы), ең жоғарғы жасы – 70 (глаукома, тоқ ішек пен тік ішіектің онкологиялық аурулары).

6.Бір немесе басқа жастағы адамға қандай скринингтен өту керек?

  • Қанайналымы жүйесі аурулары және қант диабеті - 25, 30, 35, 40 жастағы әйел және ер адамдар, 40 кейін және 64 жасқа дейін екі жылда бір рет скрининг өтуге болады.
  • Сүт безінің обыры - 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер
  • Жатыр мойны обыры - 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер
  • Қуықасты безінің обыры - 50, 54, 58, 62 және 66 жастағы еркектер
  • Тоқ және тік ішектің обыры - 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы еркектер мен әйелдер
  • Өңеш және асқазан обыры - 50, 58 және 60 жастағы еркектер мен әйелдер
  • Бауыр обыры – жасына қарамастан бауыр шемені ауруымен диспансерлік есепте тұрған еркектер мен әйелдер
  • Глаукома - 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 еркектер мен әйелдер

7.Тексеруден қай жерде өтуге болады?

Тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша емханада

8.Емханаға келген соң кімге қаралу керек?

Тіркеу бөліміне келіп, скринингтік тексеруден өтуге келгеніңізді айтыңыз. Сізді терапевт дәрігерге жібереді, ол сауалнама жүргізіп, тексеруге және анализ тапсыруға жолдама береді. Жасына байланысты скринингтік бәрінен бір мезетте өтуге болады.

9.Скрининг кезінде қандай анализдер мен тексерулер жүргізіледі?

  • Қанайналымы жүйесі аурулары,артериялық гипертония – қан қысымын өлшеу, қандағы холестерин мөлшерін анықтау
  • Қант диабеті - қандағы глюкоза мөлшерін анықтау
  • Сүт безінің обыры - маммография
  • Жатыр мойны обыры – онкоцитологияға жағынды алу
  • Қуықасты безінің обыры – спецификалық қуықасты безінің антигенін анықтау, қуықасты безінің денсаулық көрсеткіші (phi-индекс).
  • Тоқ және тік ішектің обыры – нәжістегі жасырын қанды анықтау (гемокульт-тест – оны үйде жасауға да болады, нәтижесі 3-5 минутта белгілі болады)
  • Өңеш және асқазан обыры – өңеш пен асқазанның эндоскопиялық тексеруі
  • Бауыр обыры – альфа-фетопротеин талдауы, бауырдың УДЗ
  • Глаукома – көз ішінің қысымын өлшеу

Байланыстар

  • Алматы қ. Орбита-3 ықшамауданы,
    Торайғыров көш.,12, Мұстафин бұрышы
  • Емхананың Call — орталығы:
    +7 (727) 312-24-77
  • This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  • Карта сайта

ЕМХАНА ТУРАЛЫ

«№4 қалалық емхана» МКҚК қайта атау туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 4/729 қаулысы негізінде құрылған. Емхана алғашқы медициналық-санитарлық, консультативтік диагностикалық, соның ішінде мамандандырылған көмекті көрсетеді, ересектерге, балаларға және әйелдерге біржолғы көмек, 83690 мемлекеттік тапсырыс бойынша... Толығырақ
Template Settings
Select color sample for all parameters
Green Dark_Green Oranges Yellow
Background Color
Text Color
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
Direction
Scroll to top