Call-центр Поликлиники:+7 (727) 312-24-77
 Служба поддержки пациентов и внутреннего аудита  
+7 (700) 674 60 44
Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
 
 Емхананың Call — орталығы:
        +7 (727) 312-24-77

Пациенттердциенттердің денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттері

Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары

1.Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етілуге;

3) медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті таңдауға;

4) жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің өз қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектен тыс қосымша медициналық көрсетілетін қызметтерге;

5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көрсетілімдер болған кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;

6) медицина қызметкерлерінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

7) еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақ немесе анықтама бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыруға;

8) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурулар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері, клиникалық зерттеулер, қоршаған ортаның жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын, дұрыс тамақтану мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындыларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы дәйекті ақпаратты өтеусіз алуға;

9) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сарапшы ұйымдардан және субъектілерден өткізілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;

10) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға;

11) мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз са- рапшыларды тарту туралы өтінішхат беруге;

12) өлгеннен кейін өздерінен тіндерін (тінінің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлігін) транспланттау мақсатында алу мүмкіндігі туралы ерікті түрде еркін білдіруіне құқығы бар.

2. Әйелдің ана болу туралы мәселені өзі шешуге және отбасын жоспарлау мен өз денсаулығын сақтау мақсатында, өзі қаламайтын жүктіліктен сақтанудың қазіргі заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар.

Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы қамтамасыз етіледі:

1) ұрпақты болу жасындағы әйелдерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қарап-тексеру жүргізу, оларды динамикалық байқау және сауықтыру;

2) науқас баланы күтіп-бағу үшін стационарға түскен кезде әйелдердің ұрпақты болу денсаулығына және баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды медициналық көрсетілімдер бойынша емдеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың жұмыс уақытының режимі, жүктілігі мен босануы бойынша демалысы және еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

3. Психикасының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдардан басқа, жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдардың жынысын ауыстыруға құқығы бар.

Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын уәкілетті орган белгілейді.

4. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек уәкілетті органмен келісу бойынша қылмыстық-атқару жүйесі органдары айқындайтын тәртіппен көрсетіледі. Аталған адамдар медициналық көмек алу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарыда келтірілген барлық құқықтарын пайдаланады.

5. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оралмандар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде алуға құқығы бар.

Егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағыларға қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

5-1. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және көлемде, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетіледі.

Пациенттердің құқықтары

1.Осы Кодекстің 88 бабында көрсетілген құқықтардан басқа, пациент келесі құқықтарға ие:

1) диагностика, емдеу және күтім барысында лайықты қызмет алуға, өзінің мәдени және жеке бас құндылықтарына құрметпен қарауға;

2) қандай да бір дискриминациялық факторлардің әсерінсіз, медициналық критерийлер негізінде анықталған кезекпен медициналық көмек алуға;

3) кепілдемелі тегін медициналық көмек аясында медициналық қызмет көрсететін дәрігерді немесе медициналық ұйымды еркін таңдауға, ауыстыруға, оның ішінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында қызмет көрсететін шетелдік дәрігерді де,

3-1) медициналық ұйымдарда аудио- жазба және (немесе) бейнебақылау жүргізілетіні туралы мәлімет алуға,

4) отбасы, туыстары мен достары, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметкерлері тарапынан қолдауға ие болуға,

5) қолданыстағы медициналық технология мүмкіндік беретін деңгейде аурудың азабын жеңілдетуге,

6) өз денсаулығы жағдайы туралы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуге,

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар.

2. Пациент өзінің құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтің құны, сондай-ақ оны көрсету тәртібі туралы мәліметтерді алуға құқылы. Пациенттің құқықтары туралы мәлімет медициналық ұйымның көрнекі насихаттау орындарында орналастырылуы тиіс. Медициналық ұйымға түскен пациентке оған медциналық қызмет көрсететін тұлғалардың аты-жөні және кәсіби мәртебесі, медициналық ұйымның ішкі тәртіп ережесі туралы мәліметтер берілуі керек.

3.Медициналық қызмет пациент ауызша немесе жазбаша түрде ерікті хабардар етілген келісім бергеннен кейін ғана көрсетілуі тиіс. Инвазивті араласулар кезінде пациенттің ерікті жазбаша келісімі өкілетті орган бекіткен үлгіде жасалады.

4. Медициналық көмек алу кезінде пациент денсаулық жағдайы туралы ақпаратты, оның ішінде медициналық зерттеп-қарау нәтижелері, диагнозы туралы және аурудың болжамы, медициналық көмек көрсету әдістері, олармен байланысты тәуекел, медициналық араласудың ықтимал түрлері мәліметтерді, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептерін түсіндіре отырып қолжетімді нысанда алуға құқылы.

5.Пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы хабарлама беретін тұлғаны тағайындауы мүмкін. Пациенттің мәлімет алудан бас тартуы жазбаша түрде рәсімделеді және медициналық құжатқа енгізіледі.

6.Егер медициналық мәлімет беру пациентке пайда әкелмейтін болса, әрі оған айтарлықтай зиян тигізу мүмкіндігі жоғары болған жағдайда мәліметтерді пациенттерді жасырады. Бұл жағдайда аталған мәліметтер пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкіліне хабарланады.

7. Денсаулық сақтау саласында білім беретін ұйымдардың клиникалық базаларында медициналық көмек алатын пациенттер оқыту процессіне қатысудан, сондай-ақ емдеу-диагностикалық ем-шара жүргізу кезінде үшінші тұлғаның қатысуынан бас тартуға құқылы.

8. Пациенттердің құқығын қорғауды органдар, денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өздерінің құзыреті шегінде жүргізеді.

9.Медициналық көмек алу кезінде пациент тағайындалған дәрілік заттар туралы толық мәлімет алуға құқылы.

10.Отбасын құратын азаматтар медициналық және медициналық-генетикалық тексеруден өтуге құқылы.

Балалардың құқықтары

1. Әрбір баланың құқығы бар:

1) денсаулық сақтау жүйесінің уақтылы әрі тиімді қызметтерін және ауруды емдеу мен денсаулықты қалпына келтіру құралдарын пайдалануға;

2) денсаулық сақтау саласында білім алуға;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қарап-тексерілуге және динамикалық байқалуға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге, сауықтырылуға және вакцинация алуға құқығы бар;

2. Балаларды стационарлық емдеу кезінде:

1) үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беріліп, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігі жасалады;

2) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

3. Мектеп жасындағы балалардың стационарлық, қалпына келтіру емін алу кезеңінде стационар, оңалту орталығы, санаторий жағдайында үздіксіз білім алуға құқығы бар.

Стационарлық балалар бөлімшелерінің және мамандандырылған стационарлық медициналық балалар ұйымдарының пациенттеріне ойын ойнау, дем алу және тәрбие жұмысын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалады.

4. Мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ АИТВ жұқтырған балалардың білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар.

АИТВ инфекциясын жұқтырған балалардың балалар үйлерінде және жалпы мақсаттағы өзге де медициналық және оқу-тәрбие ұйымдарында болуға құқығы бар.

5. Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеттері:

1.Азаматтар міндетті:

1) өзінің денсаулығын сақтау туралы ойлауға,

1-1) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар төлеуге,

2) денсаулық сақтау ұйымдарында әрекет ететін тәртіпті сақтауға,

3) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өтуге;

4) медицина қызметкерлерінің жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты тағайындауларын орындауға;

5) өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығын сақтау бойынша сақтық шараларын сақтауға, денсаулық сақтау субъектілерінің талап етуі бойынша зерттеп-қараудан және емделуден өтуге, медициналық персоналды айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық және өзге де ауруларының өздерінде бар екендігі туралы хабардар етуге. Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар науқастар тексерілу мен емделуден бас тартқан жағдайда осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес мәжбүрлі тексеруге және емделуге жіберіледі. Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар науқастарды мәжбүрлі емделуге жіберуге негіздеме және тәртібі осы Кодекспен реттеледі.

6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті.

2. Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті.

3.Қазақстан Республикасы аумағында тұратн шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей денсаулық сақтау саласындағы міндеттерді орындайды.

4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметке сәйкес міндетті:

1) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерін орындауға;

3) орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау және халыққа өткізу, кәдеге жарату және жою кезінде оның қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

5) жаппай және топтық инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар пайда болған жағдайларда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы туралы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы ақпарат беруге;

6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жанама әсерлері анықталған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органға уақтылы ақпарат беруге;

7) халықтың декреттелген тобына жататын жұмыскерлерді гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге;

8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу үшін өнімнің, шикізаттың, тауарлардың, өндірістік ортаның сынамаларын іріктеуді жүргізу мүмкіндігін ұсынуға;

9) медициналық қарап-тексеруден, гигиеналық оқытудан өткенін куәландыратын құжаты жоқ адамдарды жұмысқа жібермеуге, денсаулық сақтау субъектілері анықтаған, инфекциялық, паразиттік аурулармен ауыратын науқастарды жұмыстан шеттетуге;

10) тауарлардың, өнімдердің, шикізаттың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеуі анықталған кезде оларды өткізуге жол бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалану немесе кәдеге жарату мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға;

11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелеріне қатысты есепке алу және есептілік құжаттамасын тексеруге ұсынуға;

12) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет халықтың өміріне немесе денсаулығына қатер төндірген жағдайда, оларды тоқтата тұруға;

13) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуы тұрғысынан тексеру мақсатында оларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

14) эпидемиологиялық көрсетілімдер және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша өз қаражаты есебінен дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге;

15) өздері өткізетін дәрілік заттар туралы толық және шынайы мәлімет беруге,

16) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар төлеуге міндетті.

Пациенттердің міндеттері

1. Осы Кодекстің 90 бабында көрсетілген міндеттерді қоспағанда, пациент міндетті:

1) өз денсаулығын сақтау мен нығайтудың қамын жасауға,

2) медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста құрмет мен әдептілікті сақтауға,

3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін дәрігерге барлық мәліметте айтуға, медициналық араласуға келісім берген соң емдеуші дәрігердің тағайындауларын мүлтіксіз орындауға,

4) ішкі тәртіп ережесін сақтауға және медициналық ұйымның мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медициналық қызметкермен бірге қызмет етуге,

5) медицина қызметкерлеріне диагностика және емдеу процессі барысында өзінің денсаулық жағдайының өзгерістері туралы, сондай-ақ айналасындағылардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулар туралы хабарлауға;

6) басқа пациенттердің құқығын бұзатын әрекеттер істемеуге,

7) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті.

2.Осы баптың 1 тармағының 2)-4) тармақшасында көрсетілген пациенттердің міндеттері стационарда науқас баланы күтуді жүзеге асыратын ата-аналарға немесе басқа тұлғаларға қолданылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы

(2021.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Байланыстар

  • Алматы қ. Орбита-3 ықшамауданы,
    Торайғыров көш.,12, Мұстафин бұрышы
  • Емхананың Call — орталығы:
    +7 (727) 312-24-77
  • This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  • Карта сайта

ЕМХАНА ТУРАЛЫ

«№4 қалалық емхана» МКҚК қайта атау туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 4/729 қаулысы негізінде құрылған. Емхана алғашқы медициналық-санитарлық, консультативтік диагностикалық, соның ішінде мамандандырылған көмекті көрсетеді, ересектерге, балаларға және әйелдерге біржолғы көмек, 83690 мемлекеттік тапсырыс бойынша... Толығырақ
Template Settings
Select color sample for all parameters
Green Dark_Green Oranges Yellow
Background Color
Text Color
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
Direction
Scroll to top