Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету тәртібі
(Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №281 бұйрығынан көшірме)
5. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті АМСК мамандары (жалпы тәжірибе маманы, учаскелік дәрігер-терапевт (педиатр), учаскелік мейірбике (жалпы тәжірибе мейірбикесі), фельдшер, акушер көрсетеді.
6.АМСК, сондай- ақ күндізгі стационар мен үй жағдайында көрсетіледі.
7. Үйге дәрігер мен ортамедициналық қызметкерді шақыру қызметін учаскелік (жалпы дәрігерлік) қызметтің бөлімше меңгерушісі, ол болмаған жағдайда, учаскелік дәрігер (жалпы тәжірибе дәрігері) қадағалайды.
Үйге шақырудың көрсеткіштері болып төмендегілер табылады:- жіті аурушаң жағдай, пациент өз бетімен АМСК мекемесіне келе алмауы;
- дене қызуының 38 градус Цельсиядан көтерілуі;
- бірнеше рет ішінің өтуі, омыртқасының қатты ауырсынып, төменгі жақ буындарының қозғалыс шектелуі;
- бас айналу, қатты лоқсу, құсу;
- аурудың асқынуы, пациенттің өз бетінше емханаға келе алмауы (ісік ауруларының ауыр өтуі, мүгедектік (1-2 топтар), параличтар, төменгі жағының кемшіліктері барлар;
- айналасына қауіп төндіретін жіті жұқпалы аурулар;
- пациеттің көлікті көтере алмауы;
- АМСК ұйымының жұмыс уақытында алғашқы медициналық көмек станциясынан алынған шақыруларға қызмет көрсету;
- АМСК ұйымының медициналық қызметкері ауруды үйінде, сонымен қатар, аула (пәтер бойынша) қарап шығуы.
- АМСК деңгейінде денсаулық сақтау саласынан мемлекеттік қызметтердің төменгі түрлері көрсетіледі: алдын алу, диагностикалық, емдік, еңбекке уақытша жарамсыз сараптамасы бойынша.
- АМСК Қазақстан Республикасы Өкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 «Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемінің тізімін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген ТМККТ деңгейінде көрсетіледі.
- АМСК төменгі жағдайларда көрсетіледі:
- тіркелмеген фактіге қарамастан, шұғыл медициналық көмек көрсету жағдайында;
- жоспарланған ретпен – тіркелуі, алдын ала жазылуы, айтуы бойынша;
АМСК мекемесіне алғаш келгенде, АМСК мекемесінің тіркеу орнында амбулаториялық аурудың медициналық картасы немесе баланың даму тарихы ресімделеді. Ол бірінші есептік медициналық құжат болып табылады.