Пациенттерді қолдау және Ішкі аудит қызметі
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі
View the embedded image gallery online at:
http://4gp.kz/kz/biz-turaly/patsientterdi-oldau-zh-ne-ishki-audit-yzmeti#sigFreeIdb629383d0b |
View the embedded image gallery online at:
http://4gp.kz/kz/biz-turaly/patsientterdi-oldau-zh-ne-ishki-audit-yzmeti#sigFreeIde28e2975ac |
Құрметті тұрғындар!
Алматы қаласының ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК-да «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58 бабына сәйкес Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі құрылып, жұмыс істейді.
Пациенттерді қолдау қызметінің мақсаты – түйткілді мәселелерді анықтау және медициналық көмектің сапасын әрі қарай жақсарту болып табылады.
Егер Сіз:
- медициналық көмек көрсету сапасына наразы болсаңыз;
- медициналық персонал тарапынан дөрекі әрекеттеріне тап болсаңыз;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша алу дерегін көрсеңіз;
- сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты түйткілді мәселелерге тап болсаңыз, Пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуді сұраймыз.
Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап, нәтижесін назарыңызға ұсынады.
Пациенттерді қолдау қызметіне ем алып жатқан пациенттер, сондай-ақ олардың туыстары да жүгінуге құқылы.
Біздің ұйымның медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін Сіздердің өтініштеріңізге, хаттарыңызға және тілектеріңізге әрдайым риза боламыз.
Байланыс телефондары:
- Ермекова Дана Калибековна – аудит дәрігер, телефоны: +7 (727) 242-56-47, кабинет 201, жұмыс уақыты дүйсенбіден жұма аралығында, сағат 8.00-18.00.
- Махметова Алмагуль Абаевна – Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің жетекшісі.
- Демидович Татьяна Степановна – пациенттерді қолдау қызметінің менеджері, телефон 87089832876, кабинет 112, дүйсенбі - жұма сағат 8.00-17.00.
Сонымен қатар Сіз бас дәрігер Зухра Исмаиловна Умароваға хабарласа аласыз, кабинет 401, телефон +7 (727) 242 56 40, күнделікті сағат 8.00.-18.00
Бас дәрігердің азаматтарды жеке қабылдауы әр дүйсенбіде сағат 16.00-18.00 дейін.
Бас дәрігердің азаматтарды жеке қабылдауы әр дүйсенбі сағат 16.00-ден бастап 18.00-ге дейін.
Сонымен қатар, емхананың сайтына кіре аласыздар: 4gp.kz