Бақылау кеңесі
Бақылау кеңесі №4 қалалық емханада 2016 жылғы тамыз айынан бастап жұмыс істейді. Бақылау кеңесі ҚР Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №113 бұйрығына сәйкес жеті адамнан тұрады.
Бақылау кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңдылықтарын, емхана Жарғысын, қазіргі Ереже мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Бақылау кеңесінің мүшелері емхананың қызметі жөнінде толық және нақты мағлұмат алады, үнемі есептермен танысып, олардың көшірмелерін алып отырады.
Бақылау Кеңесінің құрамы:Төраға: Сюй-Мин Александр Анатольевич – «Innovation Safety Centre» ЖШС аға заңгері, Бостандық ауданы бойынша «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық Кеңестің хатшысы.
Бақылау Кеңесінің мүшелері:- Имангалиева Лайла Турсынбековна – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының бөлім жетекшісі;
- Банщиков Вячеслав Юрьевич – Алматы қалалық маслихаттың депутаты, Алматы қаласындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комитет мүшесі;
- Мухамеджанова Гульнара Балтабаевна – «ОО Ассоциации Здравоохранения ПМСП» Ассоциациясының төрағасы;
- Чукумов Бауржан Габбасович – Ауезов ауданы бойынша «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасы.