Call-центр Поликлиники:+7 (727) 312-24-77
 +7 (700) 674 60 44
Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
 
 Call-центр Поликлиники:
        +7 (727) 312-24-77

 +7 (700) 674 60 44

Әйелдерге кеңес беру № 4 қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады, емханаға тіркелген әйелдерге қызмет көрсетеді. № 4 әйелдерге кеңес беру бөлімшесі Бостандық ауданының № 4 емхана құрамына кіреді, Торайғыров көшесі,
12 «А» мекен жайында 4 қабатта орналасқан. Кеңес беру учаскелік акушер-гинекологтардың қабылдауына арналған 7 кабинеті бар, алдын ала қарау кабинеті, отбасын жоспарлау кабинеті, КПШ, күндізгі стационар, меңгеруші кабинеті, аға акушер кабинеті, емшара кабинеті бар.

Мына аумақтарға қызмет көрсетеді: «Орбита – 1, 2, 3, 4» ықшамаудандары, Алматы сан., Қарғалы сан., Таугүл ықшамауданы, Таугүл 1, 2, ықшамауданы, Хан- Тенгри ықшамауданы, Саин - Жандосов- Центральный – Асқаров көшелері шегінде Мирас, Бөбек,Тау-Самалы, Қарғайлы ауданы. Аумағы 11 учаскеге бөлінген. Әйелдерге кеңес беру қызметінің мақсаты әйелдердің сауығуына бағытталған емдеу алдын алу көмек көрсету, ана, перинаталдық ауру және өлімнің алдына алуы болып табылады.

Әйелдерге кеңес беру міндеттері төмендегі болып табылады:

  • жүктілік кезінде, туғаннан кейін, гинекологиялық аурулар жағдайында әйелдерге емдеу алдын ала көмек көрсету;
  • акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету;
  • тәжірибеге диагностикалаудың замануи әдістерін, гинекологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеу және аурулардың алдын алу, амбулаторлық акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудің әдістерін мен озық нысандарын ендіру;
  • санитарлық-ағарту жұмысын өткізу;
  • ана және баланы қорғау жөніндегі заңнамаға сәйкес әйелдерді әлеуметтік-құқықтық қорғаныспен қамтамасыз ету;
  • жүкті әйелдерді, перзентханалар мен гинекологиялық науқастарды зерттеп, емдегенде ауыспалылықты қамтамасыз ету;
  • перзентхана (бөлімше), ересек және балалар емханасы, шұғыл станциясы мен шұғыл медициналық көмек көрсету, басқа да емдеу алдын алу мекемелерімен (туберкулезге қарсы, тері-венерологиядық, қатерлі ісік диспансерлерімен және басқаларымен) жүйелі түрдегі байланысты жүзеге асыру;
  • отбасын жоспарлау, сақтандырылу, түсіктерді болдыртпау бойынша жұмыстарын өткізу.

Әйелдерге кеңес беру бөлімшесі негізгі міндеттерге сәйкес келесіні жүзеге асыруы тиіс:

  • әйелдер арасында санитарлық алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
  • Әйелдер халқын алдын ала қарау;
  • Жоспарланбаған жүктіліктен сақтану үшін жұмыстарды жүргізу.

Бөлімшеде жұмыс істейді:

  • Жоғары санатты 3 дәрігер;
  • 1 санатты 2 дәрігер;
  • Жоғары санатты 6 акушер;
  • 1 екінші санатымен.

Байланыстар:
Бөлімше меңгерушісі - Кулымбаева Гулбаршын Маратовнa

Байланыстар

  • Алматы қ. Орбита-3 ықшамауданы,
    Торайғыров көш., 12А, Мұстафин бұрышы
  • Call-центр Поликлиники:
    +7 (727) 312-24-77
  • This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  • Карта сайта

ЕМХАНА ТУРАЛЫ

«№ қалалық емхана» МКҚК қайта атау туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 4/729 қаулысы негізінде құрылған. Емхана алғашқы медициналық-санитарлық, консультативтік диагностикалық, соның ішінде мамандандырылған көмекті көрсетеді, ересектерге, балаларға және әйелдерге біржолғы көмек, 83690 мемлекеттік тапсырыс бойынша... Толығырақ
Template Settings
Select color sample for all parameters
Green Dark_Green Oranges Yellow
Background Color
Text Color
Select menu
Google Font
Body Font-size
Body Font-family
Direction
Scroll to top